«Қайрат» футбол клубы

«Қайрат» футбол клубы

«Қайрат» – «Жұлдыз» республикалық турнирінің жеңімпазы
Әйелдер футболы

«Қайрат» – «Жұлдыз» республикалық турнирінің жеңімпазы

08 марта 2024
/ 20:00
Алматыда 17 жасқа дейінгі қыздар командалары арасында «Жұлдыз» республикалық турнирі аяқталды

1-8 наурыз күндері аралығында ЦСКА стадионында 2007 жылға дейін туған қыздар командалары арасындағы республикалық турнир мәресіне жетті.

Халықаралық әйелдер күніне орай ұйымдастырылған «Жұлдыз» турнирі УЕФА-ның «Hat-Trick» жобасы аясында өтті. Жарысқа былтыр чемпионатта алғашқы ондыққа енген командалар бақ сынады.

Турнирдің финалында «Шахтерді» 6:0 есебімен жеңген «Қайрат» жеңімпаз атанды.

Марапаттау рәсіміне ҚФФ Бас хатшысы Андрей Дудин, Алматы қаласы футбол Федерациясы президенті Афет Мехтиев және Қазақстан жастар құрамасы мен «Қайрат» ФК ойыншысы Дамир Қасабұлат қатысты.

Турнирдің қорытындысы бойынша жеке номинациялардың жеңімпаздары:

Үздік шабуылшы – Полина Тучина («Қайрат»)

Үздік ойыншы – Назым Алданазар («Қайрат»)

«Қайрат» командасы мен Қазақстан U-17 әйелдер құрамасының жаттықтырушысы Мария Ялова турнир туралы пікірімен бөлісті.

«Барлық команданың бапкерлерінің атынан турнир жоғары деңгейде өткенін айтқым келеді. «Жұлдыз» 17-24 наурыз күндері өтетін іріктеу матчтары қарсаңында U-17 құрамасы үшін жақсы дайындық болды. Ойыншылардың қандай бабында екенін көрдік. Бұған қоса, чемпионаттың бірінші турына да дайындық болды. Турнир жоғары деңгейде өтті. Басқа да жас командалары үшін осындай турнир болады деп үміттенемін», – деп атап өтті Ялова.

«Жұлдыз» республикалық турнир матчтарының нәтижесі:

1-тур (1 наурыз)

Қайрат – Ордабасы – 1:1

2-тур (2 наурыз)

Қайрат – Тараз – 6:1

4-тур (5 наурыз)

Қайрат – Ақтөбе – 5:0

5-тур (7 наурыз)

Қайрат – Ақсу – 7:0

Финалдық ойындар (8 наурыз)

Шахтер – Қайрат – 0:6

arrow-prev
arrow-next

Поделиться

Біздің серіктестер

close

Единый личный кабинет ФК «Кайрат»