«Қайрат» футбол клубы

«Қайрат» футбол клубы

Барлығына рақмет, Кирилл Сергеевич!
Қайрат

Барлығына рақмет, Кирилл Сергеевич!

29 апреля 2024
/ 11:23
«Қайрат» футбол клубы Кирилл Кекердің негізгі команданың бас бапкері қызметінен кеткенін хабарлайды.
44 жастағы маман өз бетімен жұмыстан кетемін деген шешім қабылдады. Кирилл Сергеевич «Қайрат» ФК жүйесінде жұмысын жалғастыра беретінін айта кетейік.
Кекер негізгі команданы 2022 жылғы маусымнан бастап басқарған. Оның жетекшілігімен «сары-қаралар» 60 матч өткізіп, оның 29-ында жеңіске жетіп, 15 кездесуде тең түсіп, 16 рет қарсыластарына есе жіберген. Осы кезеңде «Қайрат» ФК Академиясының 13 түлегі негізгі команда сапында дебют жасады.
«Сары-қаралардың» үлкен ұжымы Кирилл Сергеевичке атқарған жұмысы үшін шын жүректен алғыс айтып, кәсіби қызметінде одан әрі табысқа жете беруін тілейді!
Алдағы 4 мамырда өтетін «Атыраумен» болатын матчқа команданы бұған дейін «Қайрат-Жастарды» басқарған Рафаэль Уразбахтин дайындайды.
arrow-prev
arrow-next

Поделиться

Біздің серіктестер

close

Единый личный кабинет ФК «Кайрат»