«Қайрат» футбол клубы

«Қайрат» футбол клубы

X күні
Клуб жаңалықтары

X күні

22 марта 2024
/ 17:00
Кеше Almaty Arena спорт кешенінде серіктесіміз 1XBET-тің «Қайрат» ФК-ның 70 жылдығы мен Грекия – Қазақстан матчын бірге көруге арналған «X күні» ауқымды шарасы өтті.
Оған клубымыздың атынан Жоао Пауло, Гиорги Зариа, Элдер Сантана, Лука Гадрани, Еркебұлан Сейдахмет, Вячеслав Швырев, Вадим Ульянов, Арсен Буранчиев қатысты. «Қайрат» ФК бас директоры Есимов Аскар Асилбекович сөз сөйлеп, барлық қонақты құттықтап, қолдап келгендері үшін алғыс айтты.
«Қайрат» пен Қазақстан құрамасының 2500-ден астам жанкүйерлері бірге жиналды. Атмосфераның тамаша болғаны соншалық, нағыз стадионның ішінде отырғандай сезім қалдырды.

Футболшыларымыз SD Family медиа командасының ойыншыларымен, сондай-ақ трибунада кездейсоқ таңдалған көрермендермен бірге түрлі футбол челленджінде жарысты. Қатысушылар қақпаға дәл тигізіп, интеллектуалды, физикалық сынақтарға қатысып, күшті әсер алды.
Жарыс соңында 1XBET футболшыларымызға бетоннан жасалған жеке марапаттарды табыс етті. Сонымен қатар клубтың мерейтойына орай дәмді торт сыйлады.
Барлық қонаққа арнап серіктес арнайы ойын және фотоаймақтар, мерч сататын жер, тегін аквагрим, кәсіби мамандардың фристайл футболы бойынша мастер-класс сияқты көптеген қызықты шара ұйымдастырды.
Кештің қызығы – Грекия мен Қазақстан құрамалары арасындағы матчты үлкен экранда футболшылармен бірге тамашалау болды.
Үзілісте PlayStation 5 ойын консольдерінің, iPhone 15 Pro смартфондары мен басқа да көптеген сыйлықтың ұтыс ойыны өтті. Олардың әрқайсысы өздерінің бақытты иелерін тапты.
Осы кешке қатысқанның барлығына рақмет айтамыз! Сіздердің қолдауларыңыз бен патриотизмдеріңіз Қазақстан футболын күшейтіп, бізді жаңа жетістіктерге шабыттандырады!
arrow-prev
arrow-next

Поделиться

Біздің серіктестер

close

Единый личный кабинет ФК «Кайрат»