«Қайрат» футбол клубы

«Қайрат» футбол клубы

«Қайрат» U-17 – С. И. Байшақовты еске алуға арналған турнирдің жеңімпазы
Академия жаңалықтары

«Қайрат» U-17 – С. И. Байшақовты еске алуға арналған турнирдің жеңімпазы

10 ноября 2023
/ 06:00

Сегізбаев атындағы «Қайрат» ФК Академиясының алаңында 2007 жылы туған командалар арасында Сейілда Байшақовты еске алуға арналған жасөспірімдер арасындағы бірінші халықаралық турнир аяқталды.

Тимур Касымов пен Вячеслав Соболев жетекшілік ететін Академиямыздың «Қайрат» U-17 командасы алтын медаль иеленіп, Кубок иегері атанды. Финалда «сары-қаралар» санкт-петербургтік «Зенитті» пенальти сериясы бойынша 4:3 есебімен ұтты. Ресейлік клуб турнирдің күміс жүлдегері атанды.

Үшінші орын үшін өткен матчта ташкенттік «Пахтакор» «Насаф» деп аталатын тағы бір өзбекстандық команданы жеңді (4:1).

Марапаттау рәсіміне ҚКФЛ президенті Рафаэль Гарибян, «Қайрат» ФК бақылау кеңесінің төрағасы Боранбаев Қайрат Советайұлы, клуб бас директоры Аскар Есимов, «сары-қаралар» негізгі командасының бас бапкері Кирилл Кекер және Қазақстан футбол ардагері Құралбек Ордабаев қатысты.

Турнир қорытындысы бойынша жеке номинациялар анықталды:

– Үздік қақпашы – Карен Даниял («Насаф»)

– Үздік қорғаушы – Мустафа Шен («Қайрат»)

– Үздік жартылай қорғаушы – Андрей Прощалькин («Зенит»)

– Үздік шабуылшы – Даврон Туляганов («Пахтакор»)

С. И. Байшақовты еске алуға арналған халықаралық турнир жыл сайын Алматыда өтеді деп жоспарлануда.

arrow-prev
arrow-next

Поделиться

Біздің серіктестер

close

Единый личный кабинет ФК «Кайрат»