«Қайрат» футбол клубы

«Қайрат» футбол клубы

Алматыда Сейілда Байшақовты еске алуға арналған халықаралық жасөспірімдер турнирі өтеді
Академия жаңалықтары

Алматыда Сейілда Байшақовты еске алуға арналған халықаралық жасөспірімдер турнирі өтеді

01 ноября 2023
/ 06:00

Турнирге 2007 жылы туған төрт команда қатысады: «Қайрат», «Зенит», «Пахтакор», «Насаф».

Ойындар Сегізбаев атындағы «Қайрат» ФК Академиясында өтеді (Майлин к-сі, 230).

Командалар бір-бірімен жеке-жеке ойнайды. Матчтардың қорытындысы бойынша ең көп ұпай жинаған екі команда финалға шықса, қалған екі команда үшінші орын үшін таласады.

Жарыс форматы – 40 минуттан 2 тайм ойнайды. Ауыстыру саны шектелмейді, кері ауыстыруға тыйым салынады. Ойыншы алаңнан қуылса, оны сол матчта ауыстыруға тыйым салынады. Алайда келесі матчқа қатыса алады (төбелеске қатысумен байланысты қуылғанды қоспағанда).

Әр команданың тізімінде 2007 жылдан аспайтын ең көп дегенде 23 ойыншы болады алады.

arrow-prev
arrow-next

Поделиться

Біздің серіктестер

close

Единый личный кабинет ФК «Кайрат»