«Қайрат» футбол клубы

«Қайрат» футбол клубы

Жоао Пауло мен Элдер Сантана тәрбиеленушілерімізбен кездесті
Академия жаңалықтары

Жоао Пауло мен Элдер Сантана тәрбиеленушілерімізбен кездесті

26 января 2024
/ 18:20

Дәстүрлі шара Т. С. Сегізбаев атындағы Академияда өтіп, бразилиялық футболшылардың мансабының түрлі кезеңдерін таныстырудан басталды.

Мысалы, Жоао Пауло онымен бірге және оған қарсы ойнаған үздік ойыншыларды атады – Вагнер Лав пен Эммануэль Адебайор. Ол сондай-ақ өзінің балалық арманы орындалғаны – әкесінің сүйікті клубы «АБС» клубында ойнау туралы айтты.

Сантана өз кезегінде Роналдиньо мен Робиньомен бір командада ойнағанын есіне алды. Элдер жас футболшылардың кәсіби дамуына тамаша инфрақұрылымы бар «Қайрат» сияқты үлкен клубқа ауысқанына қуанышты екенін білдірді. Ол балаларды клубтағы әрбір сәтті бағалап, барлық мүмкіндікті тиімді пайдалануға шақырды.

Кейін тәрбиеленушілеріміз ойыншыларымызға сұрақ қойды.

Кездесу соңында зейінділікті тексеретін квиз өтті. Оған 40-қа жуық тәрбиеленуші қатысты. Балалар Жоао мен Элдердің мансабы туралы сұрақтарға жарыса жауап берді. Нәтижесінде турнир жеңімпаздары мен Жоао Паулоның қолтаңбасы бар футболка иелері – 2008 жылғы Артур Трубин мен Төре Исмағұлов атанды.

arrow-prev
arrow-next

Поделиться

Біздің серіктестер

close

Единый личный кабинет ФК «Кайрат»