«Қайрат» футбол клубы

«Қайрат» футбол клубы

Бүгін «Қайрат» ФК базасында 2024 жылға арналған команданың салтанатты презентациясы өтті
Клуб жаңалықтары

Бүгін «Қайрат» ФК базасында 2024 жылға арналған команданың салтанатты презентациясы өтті

24 февраля 2024
/ 18:00
Базамыздың холында біздің жанкүйерлер, клуб серіктестері мен журналистер жиналды.
Шара клуб ардагерлері Құралбек Ордабаев пен Виктор Катковтың сөздері мен тілектерінен басталды. Кейін барлық ардагерге клубымыз атынан сыйлықтар табыс етілді.
Бақылау кеңесінің төрағасы Боранбаев Қайрат Советайұлы клубтың мерейтойлық жылында чемпион болу мақсаты қойылғанын атап өтті. Сонымен қатар Қайрат Советайұлы экологияны жақсарту бастамасын көтерді.
Blind Football жетістіктері мен Академияның жоғарғы жас санатындағы әйелдер командасының жетістіктері бөлек атап өтілді. 2025 жылы «Қайраттың» әйелдер кәсіби командасы құрылады.
Жанкүйерлерге команданың жаңадан келген ойыншылары – Иброхимхалил Юлдошев, Гиорги Зария, Лука Гадрани, Элдер Сантана мен Никита Пивкин таныстырылды.
Ресми бөлімнің соңында БАҚ өкілдері үшін баспасөз мәслихаты өтті, ал жанкүйерлер сүйікті команданың жаттығуын көре алды.
arrow-prev
arrow-next

Поделиться

Біздің серіктестер

close

Единый личный кабинет ФК «Кайрат»