«Қайрат» футбол клубы

«Қайрат» футбол клубы

Бүгін жаңа тәрбиеленушілерінің дәстүрлі ант беру рәсімі өтті
Академия жаңалықтары

Бүгін жаңа тәрбиеленушілерінің дәстүрлі ант беру рәсімі өтті

08 сентября 2023
/ 06:00

Бүгін Т. С. Сегізбаев атындағы Академияда «Қайрат» футбол клубы жаңа тәрбиеленушілерінің дәстүрлі ант беру рәсімі өтті.

Салтанатты іс-шара Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимнін орындаумен басталды.

«Қайрат» ФК бақылау кеңесінің мүшесі Сандуғаш Өтегенова мен бас директоры Аскар Есимов құттықтау сөз сөйледі. Олар клубтың жаңа тәрбиеленушілерін және олардың ата-аналарын осы маңызды сәтпен құттықтап, балаларға зор денсаулық, кәсіби мансабында өсіп, дамуын тіледі.

Осыдан кейін сөз Құралбек Ордабаев, Ваит Талғаев, Виктор Катков және Михаил Гурман сияқты клуб ардагерлеріне берілді. Олар жас ойыншыларға клубтың бай тарихын айтып, олар үшін табысты спортшы ғана емес, еліміздің лайықты азаматы болуына тамаша жағдай жасалғанын атап өтті.

Сондай-ақ ант беру рәсіміне негізгі командамыздың бас бапкері Кирилл Кекер, футболшылары Дамир Қасабулат пен Еркебұлан Сейдахмет сияқты өкілдері қатысты. Олар балаларды «сары-қаралардың» негізгі командасында күтетінін айтып, мотивация берді.

Биыл Алматы, Астана, Ақтөбе, Қарағанды, Шымкент, Тараз, Павлодар және Қаратау сияқты қалалардан Академияға жаңадан келген 30 бала клубқа адал болуға ант берді. Одан кейін жас тәрбиеленушілерге естелік клуб төсбелгісі табыс етілді.

Іс-шара ата-аналарға арналған ашық аспан астындағы фуршетпен аяқталды.

arrow-prev
arrow-next

Поделиться

Біздің серіктестер

close

Единый личный кабинет ФК «Кайрат»